Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының сессиясы аяқталды
БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Бүгін түстен кейін Бейжіңдегі Халық мәжіліс залында ҚХР-дағы жылдың басты саяси оқиғасы – 14-ші Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының 2-ші сессиясының ресми жабылу салтанаты өтті.

Съезд делегаттары 2023 жылға арналған орталық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді және 2024 жылға арналған орталық және жергілікті бюджеттердің жобаларын, үкіметтің жұмысы туралы, елдің 2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспары және 2024 жылға арналған экономикалық даму жоспарының орындалуы туралы, әлеуметтік саланың жобаларын бекіту туралы қаулыларды қабылдады.
Сонымен қатар, БХӨЖ Тұрақты комитетінің жұмысы туралы баяндама бекітіліп, Қытайдың Жоғарғы халық соты мен Жоғарғы халық прокуратурасының жұмысы туралы баяндамалар мақұлданды.
Сондай-ақ, депутаттар ҚХР Мемлекеттік кеңесін ұйымдастыру туралы заңға түзетулер жобасын қабылдау үшін дауыс берді.
Биыл Қытай үкіметі басшысының парламент отырысы аяқталғаннан кейінгі дәстүрлі баспасөз мәслихаты өткізілген жоқ.
«Биыл ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің баспасөз мәслихаты өткізілмейді. Ерекше жағдайлар туындамаса, үкімет басшысының БХӨЖ сессиясынан кейінгі баспасөз мәслихаты алдағы бірнеше жылда бұдан былай өткізілмейді», - деді 14-ші БХӨЖ екінші сессиясының баспасөз хатшысы Лоу Циньцзянь.
БХӨЖ ағымдағы сессиясы бір аптаға созылып, 11 наурызда аяқталды.