Бейжіңдегі әскери парадқа 26 елдің басшылары қатысады

АСТАНА.KAZINFORM - Қытайда өтетін Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толғанына орай өтетін парадқа 20-дан астам шетелдік көшбасшы қатысады, деп хабарлайды Синхуа.

Бейжіңдегі әскери парадқа 26 елдің басшылары қатысады
Фото: Синьхуа

Қонақтар арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь, Әзербайжан, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Индонезия, Ресей басшылары, Армения, Малайзия, Пәкістан, Словакия және басқа да елдердің премьер-министрлері бар. Іс-шараға Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын да қатысады.

Бұл – Ким Чен Ын үшін алғашқы халықаралық кездесу.

Бейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Солтүстік Кореяға бұрыннан келе жатқан «дәстүрлі достығы» үшін алғыс айтып, екі ел «аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық» үшін ынтымақтастықты жалғастыратынын айтты.

АҚШ президенті Дональд Трамп іс-шараға қатыспайды, бірақ осы аптаның басында ол Солтүстік Корея басшысымен кездесуге дайын екенін білдірді.

31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Қытайдың Тяньцзинь қаласында 20-дан астам мемлекет басшылары, сондай-ақ 10 халықаралық ұйым басшылары қатысатын Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді.

Қыркүйектің 3-і күні Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 80 жылдығын тойлауға арналған әскери парад өтеді, онда Қытай өзінің соңғы қаруларын, соның ішінде гипер дыбысты зымырандар мен ұшқышсыз жүйелерді көрсетеді. Елдің қарулы күштерінің жаңа құрылымы алғаш рет толық көлемде көрсетіледі.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына баратынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар