Безгекке қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаны қолдануға қазан айында рұқсат берілмек
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Безгекке қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаны Африка елдерінде қолдануға қазан айында рұқсат берілмек. Жүргізілген зерттеу нәтижелері оның аурудың алдын алуда тиімділігі жоғары екенін көрсеткен.
«RTS,S» деп аталатын вакцинаны британдық GlaxoSmithKline ойлап тапты және оны ағылшын ғалымдары 30 жылдан бері жетілдіріп келеді.
Бәрі сәтті өткен жағдайда ол паразиттік ауруға қарсы алғашқы лицензияланған екпе болмақ. Жылына бұл аурудан 600 мыңдай адам көз жұмады.