БҒМ-да ҰБТ мен оқулықтарды әзірлеу ережелеріне өзгеріс енгізу мәселелері талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінде «Ақ жол» партиясының ҰБТ бойынша бастамасы мен мектептерді сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

БҒМ-да ҰБТ мен оқулықтарды әзірлеу ережелеріне өзгеріс енгізу мәселелері талқыланды

Талқылау жиынына Парламент Мәжілісі мен Сенат депутаттары, мектептер мен колледждердің директорлары, білім басқармасы мен ата-аналар қоғамдастығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аталған басқосуда «Ақ жол» партиясы депутаттарының ақылы ЖОО-ға түсетін мектеп бітірушілерді ҰБТ-дан босату туралы ұсынысы басты тақырыптардың бірі болды. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлының пікірінше, бұл қадам мектеп түлектерінің білім сапасын түсіріп тастайды. Өйткені, оқушыларда асығатындай реттің керегі жоқ деген пікір қалыптасуы мүмкін. Министрлікке ҰБТ тәртібін 2018 жылға дейін өзгеріссіз қалдырып, жоғары мектептерде білім сапасын арттыру бағытында жұмыстарды күшейту ұсынылды. Сонымен бірге, талқылау барысында көпшілік Білім және ғылым министрлігінің оқулықтардың сапасын арттыру тұрғысындағы ұсынысына қолдау білдірді. Бұл туралы «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Бейбітгүл Кәрімова келесі шаралар қолға алынып жатқанын тізіп өтті:

- тек қана бастапқы мектептерде ғана емес, негізгі және жоғары мектептерде оқулықтардың алдын ала апробациясын өткізуді міндеттеу нормасын енгізу (бұрын тек бастапқы мектептерде осындай талап болған).

- Оқулықтарды әзірлеушілерге жаңа талаптарды қою: оқулықты жазу кезінде авторлық ұжымның құрамында жоғары біліктілігі бар және мектепте аталған пән бойынша міндетті түрде сабақ берген мұғалімдер мен тәжірибешілер, ғалымдар болуы міндетті .

- Пәндік сараптаманы күшейту үшін апробацияға дейінгі міндетті пәндік сараптама жұмысы енгізіледі. Бұл өз кезегінде сарапшыларға апробация алдында кемшіліктерді түзеуге мүмкіндік береді.

- Полиграфиялық кемшіліктерге жол берген жағдайда баспаға жауаптылықты арттыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, оқулық шығар алдында баспа тұтынушыға міндетті түрде оқулықтың электронды нұсқасын көрсету нормасын енгізу.

- Басылмас бұрын оқулықтарға қоғамдық баға берген кезде қоғамдық бағалауға түскен есеп және кемшіліктер мен ұсыныстарды жою жүйесін енгізу, сондай-ақ, мектептер бойынша міндетті түрде оқулықтарды мектепке жолдап, пән бойынша мұғалімдердің сараптауынан өткізу;

Талқылау барысында осыған ұқсас өзге де ұсыныстар сараланды.

«Осындай шараларды 3 жыл бұрын қабылдағанда бүгінгі күні туындап жатқан сұрақтар әлдеқанша аз болар еді», - дейді Мәжілісі депутаты Наталья Жұмаділдаева.