БҒМ комитет жанындағы үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың консультативтік кеңесінің отырысын өткізді

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жанындағы Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың консультативтік кеңесінің отырысын өткізді (бұдан әрі-ҮЕҰ Кеңесі), деп хабарлайды баспасөз қызметі.
None
None

ҮЕҰ Кеңесі құрамына барлық аймақтардағы балалық шақ саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енгізілді.

ҮЕҰ Кеңесі Қазақстан Республикасы балаларының құқықтарын қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыруда мемлекет және азаматтық қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасты жетілдіру және ынтымақтастыру мақсатында құрылған.ҮЕҰ Кеңесі жұмысына ҮЕҰ Кеңес мүшелері, Балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің директорлары және жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының Республикалық кеңесінің мүшелері қатысады.

ҮЕҰ Кеңесінде ҮЕҰ Кеңесі туралы ереже және 2011 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын талқыланды.

Сонымен қатар, балалық шақты құқықтық қорғаудың ең маңызды аспектілері қаралып, ҮЕҰ консультативтік кеңесінің балалар мәселесіне байланысты мемлекеттік органдармен және қоғаммен өзара қарым-қатынасының тетіктеріі анықталды.

ҮЕҰ Кеңесі мүшелері «Право» Қоғамдық Қорының жұмыс тәжірибесімен танысты. Сондай-ақ, Астана қаласы мен Қарағанды облысындағы білім беру ұйымдарына балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайларымен танысу мақсатында бармақ.

Отырыс жұмысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынаты нығайту үшін 7 негізгі бағыт анықталды.

Соңғы жаңалықтар