БҒМ жоғары оқу орындарында педагогикалық мамандықтар бойынша оқытудың тұжырымдамасы мен стандарттарын қайта қарамақ

ТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарында педагогикалық мамандықтар бойынша оқытудың тұжырымдамасы мен стандарттарын қайта қарамақ. «Бұл орайда басты міндет - бітірушілердің біліктіліктерін еуропалық деңгейге сәйкестендіру»,-деді бүгін Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Астанада өтіп жатқан «Тәуелсіздікке 20 жыл: Қазақстан Республикасындағы адам капиталын дамытудың сапасы мен болашағы» атты халықаралық конференция барысында.

БҒМ жоғары оқу орындарында педагогикалық мамандықтар бойынша оқытудың тұжырымдамасы мен стандарттарын қайта қарамақ

Оның сөзіне қарағанда, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үшін елде жаңа институционалды тетік құрылады. «Осыған орай, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жанынан Педагогикалық шеберлік орталығы және Педагогтердің біліктілігін арттырудың ұлттық орталығы құрылуда. Бұл жүйе жаңа ережелер бойынша жұмыс істейді. Осыған қарай қазір елге жаңа шетелдік тәжірибелер мен әдістер тартылуда.

Сондай-ақ мұғалімдер жалақысы жылдан-жылға арта бермек. Педагогтердің мәртебесін көтеруге де зор көңіл бөлінуде»,-деді министр.