Би-би-си 1000 қызметкерін жұмыстан қысқартады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мыңдаған адам жұмыссыз қалатын болды, деп хабарлады Би-би-си.

Би-би-си 1000 қызметкерін жұмыстан қысқартады

Би-би-сидің қызметкерлерін көптеп қысқартуына корпорация жұмысы қаржыландырылатын телевизиялық жиыннан (licence fee) жоспарланған сомадан 150 млн. фунт кем қаражат алғаны себеп болды.

Заң бойынша Ұлыбритания аумағында тұратын әр отбасы арнайы баж - телевизиялық жиын төлейді. Алайда көптеген отбасы теледидар көрмейтінін желеу етіп бұл төлемді төлеуден бас тартады.

Би-би-си тілшісі Дэвид Силлитоның айтуынша, 1000 адамды қысқарту 50 млн. фунтты үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл тапшылық қалдығын жабу үшін жаңа қысқарту қажет болатынын білдіреді.