Би-Би-Си-дің орыс қызметі толықтай Интернетке кетті

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Би-Би-Си-дің орыс қызметі толықтай Интернетте хабар таратуға көшті және радиохабарларының санын айтарлықтай кемітуде.

Би-Би-Си-дің орыс қызметі толықтай Интернетке кетті

Сондай- ақ Би-Би-Сидің әлемдік қызметінің басшылығы 650 қызметкердің жұмыстан шығып кеткенін мәлімдеп отыр. "Бұл оның қазіргі штатындағы 2400 адамның төрттен бірін құрайды", - деп жазады "Интерфакс".

Орыс тілінде дәстүрлі хабар тарату жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты тоқтатылатын болады. Сонымен қатар радиобағдарламалардың бір бөлігі bbcrussian.com. сайтында онлайн арқылы таратылатын болады.

Британдық хабар тарату корпорациясы жұмыстан босатулардың шетелдік хабар тарату компанияларына бөлінетін үкіметтік гранттардың қысқартылуына байланысты екенін айтып түсіндіруде.