Би-би-си Шотландия тәуелсіздігіне қарсы деп айыпталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шотландиялық Глазго қаласында наразылық білдірушілер Би-би-сиді Шотландияның тәуелсіздігі туралы референдумды жарыққа шығару кезінде теріс түсінік берді деп айыптап, ереуілге шықты.
Анығырақ айтсақ, наразылық білдірушілер Би-би-си тәуелсіздік идеяларына қарсы матриалдар бергенін мәлімдеді.
Би-би-си өкілі жауап ретінде корпорация бұл мәселеге әділ ұстанымда болғанын айтқан.
Полиция хабарламасына сәйкес, Глазгода Би-би-си кеңсесінің алдында 1000-ға жуық адам жиналған, кейбір куәгерлер наразылық білдірушілер одан көп екенін мәлімдеді.