BI Group несие беру процесін қалай жеңілдетпек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ипотекалық несие берукөлемі артып келеді. Бұл туралы бүгін BI Group холдингі басқарма төрағасы Амангелді Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға және қазіргі заманғы технологиялармен бірге жүруге ұмтылатын компания ретінде бүгінгі таңда адам үшін ең маңызды ресурс - уақыт екенін жақсы түсінеміз.  Және біз BI Group жұмысын әрбір клиенттің таңдауы, төлем шарттары мен тәсілдерін ұсынатындай етіп құрудамыз», - деді холдингтің басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, Астанада ипотекалық қарыз беру бүгінгі күні, егер 2016 жылғы деректермен салыстырсақ, 3 есеге өскен. 2018 жылы холдингке 10 000-ға жуық клиент жүгінген.

«Бұл деректерді талдап, біз құрылыс компаниялары мен банктер алдында ипотека мәселесі өткір тұр деген қорытындыға келдік. Осылайша, клиенттерімізге ыңғайлы болу үшін BI Finance ипотека орталығын құру туралы ортақ шешімге келдік. Осы орталықты құрудың басты мақсаты - несие беру процесін жеңілдету болып табылады. BI Group-тан пәтер таңдағаннан кейін, клиент BI Finance қызметкерімен бірлесіп, банк немесе мемлекеттік бағдарламалардың бірінің талаптары мен оған қолайлы шарттары бар несие беру бағдарламасын таңдайды. Біздің компанияның қызметкері серіктес банктердің бірінен қарыз алудың барлық процесінде клиентпен бірге болады», - деді ол.

А.Омаровтың айтуынша, енді клиентке банк кеңселеріне сауалнама толтыру және құжаттар топтамасын ресімдеу үшін барудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, өтінімді жедел қарау және ақшаны жедел беру - тағы бір маңызды артықшылығы.

«Бірінші кредиттік бюромен (БКБ) ынтымақтастықтың арқасында біз өздігімізше, клиенттердің келісімімен ЖСН бойынша БКБ деректер базасымен скоринг өткіземіз, клиенттердің бар борыштық жүктемесі, олардың кредиттік тарихы және шешім қабылдау үшін қажетті өзге де деректер бойынша ақпарат аламыз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар
telegram