«Bi Village» құрылысында биіктіктен құлаған жұмысшы ауруханаға жатқызылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада салынып жатқан «Bi Village» коттеджер қалашығында электрмен монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатқан «BI-Group» ҚК жұмысшысы 2-ші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ТЖМ.
«Есіл ауданы, Хусейн бен Талал даңғылындағы жаңадан салынып жатқан «Bi Village» коттедж қалашығында 2014 жылғы 8 маусымда сағат 18.50 минутта электр монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде 2-ші қабаттан 1972 жылы туылған С. Жүсіпбеков құлап кетіп, ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.