Биатлон: Мартен Фуркад биатлоннан әлем Кубогының жеңімпазы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Француз Мартен Фуркад биатлоннан әлем Кубогының иегері атанды.
None
None

Ол Контиолахтиде өткен Әлем кубогының кезеңінде із қуып жарысудан мәре сызығын екінші боп қиды. Бұл оған 744 балл жинауға мүмкіндік туғызып, жалпы есеп бойынша қатарынан үшінші рет "Үлкен хрусталь глобусты" еншіледі, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Фуркад осымен биатлон тарихында үшінші рет Әлем кубогы жарысында қатарынан үшінші рет жеңімпаз атанған спортшы. Бұған дейін француз Рафаэль Пуаре мен неміс Франк Ульрих осындай жетістікке жеткен болатын.

Еске сала кетсек, Кубоктың қорытынды кезеңі 20-23 наурызда норвегиялық Холменколленде өтпек..

Соңғы жаңалықтар