Биатлон: Словенияда өтетін әлем чемпионатына 4 қазақстандық спортшы қатысады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 20 ақпан Поклюкада биатлоннан әлем чемпионатында ерлер арасында эстфета жарысы өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ерлер 4×7,5 км қашықтықта өзара мықтыны анықтайды.
Қазақстан құрамасы жарыс жолына 20-шы болып шығады.
Ерлер арасындағы эстафетаға Александр Мухин, Владислав Киреев, Сергей Сирик пен Данил Белецкий қатысады.
Жарыс елорда уақытымен 20:00-де басталады.