Биатлоннан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

АСТАНА. KAZINFORM – 7-18 ақпан аралығында Чехияның Нове-Место қаласында әлем елдерінің ең үздік биатлоншылары қысқы әлем чемпионатында бақ сынау үшін бас қосады. 

Биатлон
Фото: ҚР Биатлоншылар одағы

Қазақстан биатлоншылар одағының баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған біріншілік аясында 12 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Галина Вишневская-Шепоренко, Полина Егорова, Алина Скрипкина, Ольга Полторанина, Никита Акимов, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев, Асет Дюсенов и Александр Мухин өнер көрсетеді.

Жарыс кестесі:

7 ақпан, сәрсенбі

Аралас эстафета

9 ақпан, жұма

Спринт, әйелдер

10 ақпан, жұма

Спринт, ерлер

11 ақпан, жексенбі

Із кесу, әйелдер

Із кесу, ерлер 

13 ақпан, сейсенбі

Жеке жарыс, әйелдер

Жеке жарыс, ерлер

15 ақпан, бейсенбі

Сингл-микст

17 ақпан, сенбі

Эстафета, әйелдер

Эстафета, ерлер

18 ақпан, жексенбі

Масс-старт, әйелдер

Масс-старт, ерлер

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық биатлон жанкүйерлері әлем чемпионатын тікелей эфирден «Qazsport» арнасынан тамашалай алады.

Соңғы жаңалықтар