Биатлоннан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы үздіктер қатарынан көрінді

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Эстонияның Отепя қаласында биатлоннан Жасөспірімдер мен жеткіншектер арасындағы әлем чемпмонаты аясында жекелей бәсекелер өтті.

спорт
Фото: ҚР Биатлоншылар одағы

ҚР Биатлоншылар одағының баспасөз қызметі мәлім еткендей, ерлер арасында 15 км жеке жарыста биатлоншымыз Вадим Куралес 104 спортшының арасынан үздік ондыққа ілікті. Ол мәреге 8-ші болып жетті (+2:17.9; 2).

Аталған қашықтықта мәре сызығын бірінші болып неміс биатлоншысы Леонард Пфунд (39:51.3;1) кесіп өтті. Ал, екінші болып мәреге француздық Лежен Валентин (+12.8;0) келсе,  үшінші орынға поляк спортшысы Ян Гунька (+15.3;1) ие болды.

Сонымен қатар осы біріншілікте Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсеткен Червенко Данил мәреге 31-ші, Афанасьев Артем 50-ші, Гребенщиков Егор 51-ші болып жетті.

Соңғы жаңалықтар