08:48, 12 Қаңтар 2024 | GMT +5
Биатлоннан әлем кубогы: Қазақстан ерлер құрамасы эстафетаны 13-орынмен аяқтады
Биатлоннан Германияның Рупольдинг аймағында өткен әлем кубогы кезеңінде ерлер арасындағы эстафета аяқталды, деп хабарлайды Kazinform Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық биатлоншылар Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев және Никита Акимов 23 команданың ішінен 13-орынға табан тіреді.
7,5 шақырымға созылған эстафетада Норвегия топ жарса, Германия күміс, Италия қола медальді қанағат тұтты. Қазақстанның ерлер құрамасы норвегиялықтардан +3:44.7 минутқа қалып қойды.
Айта кетелік, әлем кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан 12-орында келеді.