14:39, 17 Қаңтар 2025 | GMT +5
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: эстафетаға қатысатын Қазақстан спортшылары анықталды
АСТАНА. KAZINFORM – Рупольдингте (Германия) биатлоннан Әлем кубогы кезеңі жалғасып жатыр.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметінше, 17 қаңтар күні ерлер арасында эстафеталық жарыс өтеді.
Жарыс төрт кезеңнен тұрады, әр кезең 7,5 шақырымға созылады. Қазақстан атынан Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Иван Дарьин және Вадим Куралес қатысады.
Жалпы жарысқа 22 команда қатысады. Басталуы – Астана уақыты бойынша 18:20.
Бүгін, 17 қаңтарда Италияның Турин қаласында 2025 жылғы Қысқы универсиаданың төртінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, парашаңғы, мәнерлеп сырғанау және шайбалы хоккейден сынға түсетінін жазған болатынбыз.