Биатлоннан Әлем Кубогының алтыншы кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды
АСТАНА. KAZINFORM – Ертең, яғни 18 қаңтар күні Италияның Антхольц қаласында биатлоннан Әлем Кубогының алтыншы кезеңі басталады.Аталған додада ел намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды.
Қазақстан Биатлоншылар Одағының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында ерлер арасында Дюсенов Асет, Мухин Александр, Бауэр Кирилл, Акимов Никита ел намысын қорғаса, әйелдер арасында Егорова Полина, Вишневская-Шепоренко Галина және Крюкова Арина сынға түседі.
Жарыс 21 қаңтар күні өз мәресіне жетеді.
Естеріңізге сала кетейік, биатлоннан Әлем Кубогының V кезеңі Германияның Рупольдинг аймағында өткен әболатын. Онда қазақстандық биатлоншылар Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев және Никита Акимов 23 команданың ішінен 13-орынға табан тіреді. Жалпы қазақстандық спортшылар әлем кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша 12-орында келеді.