14:48, 24 Қаңтар 2025 | GMT +5
Биатлоннан әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтар спринтте қандай нәтиже көрсетті
АСТАНА. KAZINFORM — Антхольц-Антерсельвада (Италия) биатлоннан әлем кубогының кезеңі басталды. Алғашқы медальдар әйелдер арасындағы спринтте сарапқа салынды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қатысушыларға екі ату межесімен 7,5 шақырымдық қашықтықты еңсеру керек болды.
Бұл тапсырманы үздік орындаған - франциялық Лу Жанмонно. Екінші орынды Германия спортшысы Селина Гротиан иеленді. Үздік үштікті тағы бір германиялық Франциска Пройс қорытындылады.
Қазақстандықтар келесі нәтижелерді көрсетті:
- Ольга Полторанина 78-орынмен мәреге жетті;
- Полина Егорова 89-орынды иеленді;
- Елизавета Белецкая 93-орынмен аяқтады.
24 қаңтарда ерлер арасындағы спринт өтеді. Астана уақыты бойынша басталуы – 18:30.