Биатлоннан әлем кубогы: Жалпы есепте Алексей Полторанин 12-ші орында келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Оберстдорф қаласында биатлоннан әлем кубогының төртінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биатлоннан әлем кубогы: Жалпы есепте Алексей Полторанин 12-ші орында келеді

Жарыстың алғашқы күні «Тур де Ски» кезеңінде 15 шақырымға жалғасқан еркін стильде масс-старт сайысында Алексей Полторанин 26-шы орыннан көрінді. Бұл сайыста бірінші және екінші орындарды норвегиялық шаңғышы Эмиль Иверсен мен Синдре Бьорнестад Скар жеңіп алды. Ал үздік үштікті италиялық Франческо де Фабиани қорытындылады.

Ал әйелдер арасында 7,5 шақырымға жалғасқан спринт сайысында ел намысын қорғаған Алина Райкова 40-орын, Дарья Климина 44-орын, Ольга Полторанина 49-орын, Галина Вишневская 70-орыннан көрінді. Бұл сайыста словакиялық биатлоншы Анастасия Кузьмина жеңімпаз атанды. Екінші орынды финляндиялық Кайса Мякяряйнен иеленсе, үздік үштікті чехиялық Вероника Виктова түйіндеді.

Осылайша биатлоннан өткен Әлем кубогының жалпы есебінде қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин 12-ші орында келеді. Әзірге, Әлем кубогында Полтораниннің еншісінде 284 ұпай бар.

Жалпы есепте норвегиялық Йоханнес Клебо (752 ұпай) көш бастауда. Екінші орында - ресейлік Александр Большунов (513 ұпай). Тағы бір ресейлік Сергей Устюгов (507 ұпай) үздік үштікті түйіндеуде.