Биатлоннан әйелдер арасындағы 4х6 шақырымдық эстафеталық жарыста жерлестеріміз алтын медальды олжалады

АЛМАТЫ. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ақ Азиада аясында бүгін Солдат сайдағы шаңғы-биатлон стадионында әйелдер арасында 4х6 шақырымдық эстафета жарысы аяқталды.

Биатлоннан әйелдер арасындағы 4х6 шақырымдық эстафеталық жарыста жерлестеріміз   алтын медальды олжалады

Аса тартысты өткен бәсекеде Марина Лебедова, Олга Полторанина, Инна Можевитина, Елена Хрусталева Азия чемпиондары атанды. Олар жарысты 1:22:32.8 секундта аяқтады. Жеңімпаздардан 3 минут 54.2 секунд қалып қойған қытайлықтар ( Chunli Wang, Jialin Tang , Yinghui Xu, Yuanyuan Liu), жүлдегер атанды. Ал 4 минут 20,7 секунд кеш келген жапондықтар (Suzuki, Itsuka Owada, Ayako Mukqi, Natsuko Abe) қола жүлдегер атанса, 10:02.5 секундқа артта қалған корейлер (Kyoungmi Chu, Jihee Mun, Seora Kim, Kyungnam Kim ) 4-орынды қанағат тұтты.