Биатлоннан Еуропа чемпионатына қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биатлонистердің халықаралық ұйымының делегаттары Еуропа чемпионатына қатысушылардың жасын шектеуді алып тастауды бірауыздан қолдады.

Биатлоннан Еуропа чемпионатына қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды

Енді 2014/15-маусымдағы жарыстарға жасы 26-дан асқан биатлонистер де қатыса алады.

Бұл мәселе Австриядағы Санкт-Вольфгангте өткен IBU конгресінде талқыланды.

Сондай-ақ, сенбі күні жаңа турнир - Жасөспірімдердің әлем кубогын ұйымдастыру, оны 2015/16 маусымда өткізу жөнінде ресми шешім қабылданды.