Биатлоннан Қазақстан кубогі: Ольга Полторанина жеңімпаз атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биатлоннан ел кубогінің екінші кезеңі жалғасуда. Бүгін масс-старттан ерлер 15 шақырымға, әйелдер 10 шақырымға жарысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Биатлоннан Қазақстан кубогі: Ольга Полторанина жеңімпаз атанды

Әйелдер арасында Ольга Полторанина жеңіске жетті. Шығыс Қазақстандық спортшының көрсеткіші - 0:31:52. Екінші орында Д. Климина (Павлодар облысы), үшінші сатыда В. Сауленко (ШҚО).

Ерлер арасында Ақмола облысының намысын қорғаған Петр Ермоленко топ жарды. Күміс жүлдені Максим Браун (Павлодар облысы), қола жүлдені Әсет Дүйсенов (Алматы облысы) иеленді.