Биатлонннан Қазақстан чемпионаты: Спринттен жеңімпаздар анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Щучинскте биатлоннан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитет.

Қазақстан чемпионаты
Фото: olympic.kz

17 қыркүйек күні қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан жазғы Қазақстан чемпионаты басталды. Чемпионатқа еліміздің 7 өңірінен 90 жуық спортшы қатысуда. Алғашқы күнді спортшылар спринт жарысымен бастады.

Бүгін биатлоншылар жекелей жарыста бақ сынайды.

Спринт, ерлер:

1. Александр Мухин

2. Владислав Киреев

3. Кирилл Бауэр

Спринт, әйелдер:

1. Дарья Климина-Усанова

2. Надежда Пивоварова

3. Елизавета Белецкая

Соңғы жаңалықтар