Биатлоншы Вишневская масс-старт тарихында Қазақстанның үздік нәтижесін көрсетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Германияның Оберхофында өткен Әлем кубогы кезеңінде масс-старт бағдарламасында 4-орынды иеленді.
Осылайша, ол бағдарламаның аталмыш түрінде қазақстандық биатлоншылардың жетістіктерін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz -қа сілтеме жасап.
Бұл нәтиже масс-старттың бүтін тарихында қазақстандық қыздар үшін ең үздік болды.
Бұған дейін ең жоғары жетістік - 21-орын 2010/11 маусымында Оберхофта өткен әлем чемпионаты кезеңінде өнер көрсеткен Марина Лебедеваға тиесілі болды. Вишневскаяның масс-старттағы ең үздік нәтижесі 2015/16 маусымында Норвегияда өткен әлем чемпионатындағы 22-інші орын және осы маусымда Нове-Местодағы (Чехия) әлем чемпионаты кезеңінде.