Биатлоншылар эстафетасы басталды - Азиада-2011

АЛМАТЫ. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Бүгін Солдат шатқалында ең қызу жарыстар - ерлер мен әйелдер арасындағы эстафета өтеді.
None
None

Бірінші болып биатлоннан әйелдер арасындағы эстафета басталды.

Солдат шатқалындағы ауа райы қолайсыздау болып тұр, онда қазір қар жауып, тұман түсті - осы жайт биатлоншыларға кедергі болуы ықтимал.

Эстафетаға Қазақстанның атынан: бірінші кезеңде - Марина Ледебева, екінші кезеңде - Ольга Полторанина, үшіншіде - Инна Можевитина және қорытынды кезеңде Елена Хрусталева жарыс жолына шығады. Эстафетада, ереже бойынша, екі оқ ату шебі бар - қыздар тікеден тұрып және жатып екі рет нысана көздейді.

Ал сағат 12.30-да жаңғы жарысынан классикалық және еркін стильде әйелдер арасында 5 шақырымдық эстафета және ерлер арасында 10 шақырымдық эстафета басталады.

Сағат 14.00-те шаңғымен бағдарлаушылар жарыс жолына шығады.

Соңғы жаңалықтар