Бибігүл Төлегенованың мерейтойына арналған пошта маркасы пайда болды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазпошта Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың мерейтойына арналған пошта маркасы жарыққа шыққанын мәлімдеді.

Бибігүл Төлегенованың мерейтойына арналған пошта маркасы
Фото: Қазпошта

«Достар, назарларыңызға „Ұмытылмас және мерейтойлық даталар“ сериясының Қазақстанның әйгілі опера әншісі және актрисасы Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған ерекше пошта блогын ұсынамыз.

Пошта маркасында шығармашылығы өскелең ұрпақты шабыттандырған және тәрбиелеген, қазақстандық музыкалық мәдениеттің дамуына айтулы үлес қосқан ерекше өнер иесі Бибігүл Ахметқызының образы бейнеленген», — деп жазды ведомстводан.

Шығарылым формасы — бес маркадан тұратын пошта блогы.

Әр марканың номиналы — 450 теңге, ал жалпы тиражы — 5000 дана.

«Бибігүл Ахметқызына пошта маркасына белгі қою рәсіміне қатысқаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Бұл — біз үшін және бүкіл Қазақстан мәдениеті үшін айтулы оқиға», — делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар