Бибігүл Ақтан жабайы аңдарды қорғау ұйымының өкілі атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Актриса Бибігүл Ақтан дүниежүзілік жабайы табиғат қорының Қазақстан жән Ресейдегі елшісі, -деп хабарлайды baistars.kz.

Бибігүл Ақтан жабайы аңдарды қорғау ұйымының өкілі атанды

Бұл жаңалықпен актриса өзінің инстаграм парақшасында оқырмандарымен бөлісті.

«Қымбатты достар! Басты мақтаншыммен бөлісетін уақыт келді. 2015 жылдың күзінен бастап, мен дүниежүзілік жабайы табиғат қорының Қазақстан және Ресейдегі елшісімін. Табиғатқа көмектесу, сирек жануарларды өлімнен сақтап қалу - менің бала күнгі арманым. Қазір біз тоғай бұғысын Балқаш көлінің оңтүстігіне әкелу бағдарламасын дайындап жатырмыз» -деп жазды.
null