Бибігүл Төлегенова мен Жақсылық Үшкемпіровке «Алматының құрметті азаматы» атағы берілді

АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - 14 қыркүйек күні өткен Алматы қалалық мәслихатының  8-інші сессиясын баысында елімізге еңбектері сіңген бірқатар азаматтарға  "Алматы қаласының құрметті азаматы" атағы берілді.

Бибігүл Төлегенова мен Жақсылық Үшкемпіровке «Алматының құрметті азаматы» атағы берілді

Бұл туралы қала әкімдігінен мәлім етті.

Атап айтқанда, «Алматының құрметті азаматы» атағын КСРО және Қазақстан Республикасының халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов және грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының және әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров алды.   

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, салтанатты марапаттау 16 қыркүйек күні Қала күніне орай ұйымдастырылатын  мерекелік бағдарламалар барысында өтеді.