Бибігүл Жексенбай «Бас редакторлар клубының» президенті болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал журналист Бибігүл Жексенбай «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті болып сайланды, деп хабарлайды бірлестіктің баспасөз қызметінен.

Бибігүл Жексенбай «Бас редакторлар клубының» президенті болып сайланды

Бүгін дәстүрлі есеп беру - сайлау конференциясында клуб мүшелері Б.Жексенбайдың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Бұған дейін бұл қызметті атқарған белгілі қаламгер Кенжеболат Жолдыбай президенттіктен ұйымның жарғысына сай, яғни сайлану мерзімі аяқталуына байланысты босатылды.

Жиында сөз алған Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары Алтай Әбибуллаев бірлестіктің басшылық құрамына сәттілік тіледі.