Бидай сатып алу бағдарламасы бойынша жасалған шарттардың 81 пайызы орындалды - Азық-түлік келісім шарт корпорациясы
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ форвардты жолмен бидай сатып алу бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы жасалған шарттар бойынша аграршылардың міндеттемелерін орындау мерзімі аяқталды.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясының» форвардты жолмен бидай сатып алу бағдарламасы бойынша аграршыларға бөлінген қаржыландыру сомасының 81 пайызын қайтарды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.
«Форвардты жолмен бидай сатып алу бағдарламасы бойынша «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» 1 645 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жалпы есеппен 16,5 млрд. теңге сомасында қаржыландырды, сонымен бірге, қаржыландыру шамамен 2,8 млн. гектар егістік алқабын қамтыды. Қазіргі таңда бидайды жеткізу және ақшаны қайтару жолымен 1 мың 411 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз міндеттемелерін 13,4 млрд. теңгеден астам сомаға немесе бөлінген жалпы қаржыландыру сомасының 81 пайызынан асырып орындады», - делінген баспасөз баянында.
Азық-түлік келісім шарт корпорациясы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған астық өндірушілерге қатысты талап қою жұмыстарына да кіріскен.