Биг Беннің атауы ІІ Елизаветаның құрметіне ауыстырылды
АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Лондондағы әлемге әйгілі Биг Бен сағатының атауы патшайым ІІ Елизаветаның тақта отырғанына
60 жыл толу мерейтойына орай «Елизавета мұнарасы» болып ресми түрде ауыстырылды. Бұл туралы РИА Жаңалықтар хабарлады.
Ресми іс-шара Парламент мүшелерінің қатысуымен 12 қыркүйек күні өтті.
Еске салайық, ағымдағы жылғы маусымның соңында Қоғам палатасы комиссиясы ІІ Елизаветаның тақта отырғанына 60 жыл толуына арналған мерейтойды есте қалдыру мақсатында сағат мұнарасын «Елизавета мұнарасы» атауына өзгерту туралы ұсынысты мақұлдаған болатын.
16 маусым күні Лондонда ІІ Елизаветаның туған күніне орай дәстүрлі шеру өтті. Ол Ұлыбритания тарихында ел басқаруында 60 жыл отырған екінші монарх болды.
Биг Бен сағат мұнарасы - Вестминстерск сарайының бір бөлігі. Жерден 55 метр биіктікте орналасқан сағат әлемдегі ең биік саналады.