«БИІК-Қазығұрт» футболшылары чемпиондар лигасының жеңімпазымен күш сынасады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында футболдан әйелдер арасындағы Чемпиондар Лигасының 1/8 айналымының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.
None
None

Қазақстандық «БИІК-Қазығұрт» футбол клубы 1/8 айналымда Францияның он бес дүркін чемпионы, Чемпиондар Лигасының төрт дүркін жеңімпазы «Лион» командасымен кездесетін болды. «Лион»  футболшылары өткен маусымда Франция чемпионаты мен Чемпиондар Лигасында топ жарған болатын.

Алғашқы ойынды 8 немесе 9 қараша күні Шымкент қаласы қабылдайды. Қарымта матч 15 немесе 16 қараша күні Францияда өтеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған команда Чемпиондар Лигасының ширек финалына шығады.

Айта кетейік, Чемпиондар Лигасының финалы 2018 жылдың 24 мамыры күні Украина астанасы Киевте өтеді.

Чемпиондар Лигасы. 1/8 финал:

«Спарта» Прага (Чехия) - «Линчепинг» (Швеция)

«Гинтра»  (Литва) - «Барселона» (Испания)

«Челси» (Англия) - «Русенгорд» (Швеция)

ЛСК (Норвегия) - «Манчестер Сити» (Англия)

«Брешия» (Италия) - «Монпелье»(Франция)

«БИІК-Қазығұрт»(Қазақстан) - «Лион»(Франция)

«Фиорентина» (Италия) - «Вольфсбург»  (Германия)

«Стьярнан» (Исландия) - «Славия» Прага (Чехия)

Соңғы жаңалықтар