Қазақстанда биыл 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

Тұрғын үй
Фото: Kazinform

Қазіргі таңда Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және өңірлерді дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Үкіметтің ресми сайты бұл тұрғын үй құрылысы, ТКШ желілерін жаңарту, республиканың көлік-логистикалық әлеуетін нығайту және жаңа өндірістік кәсіпорындарды іске қосуға қатысты екенін жазды. Бұл бағыттардың барлығы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында белгіленген.

Инфографика
Фото: Kazinform

«2029 жылға қарай 1 млн-нан астам отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Мәселен, 2023 жылғы 10 айда 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. 2023 жылы өңірлерде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын салуға 5,4 млрд теңге бөлінді. «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы бекітілді», — делінген ақпарат көзінде.

Инфографика
Фото: Kazinform

Сонымен қатар ҚР көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді. Атап айтқанда, Қазақстанның транзиттік әлеуетін едәуір арттыратын бірқатар ірі теміржол жобасын іске асыру басталды.

«Барлығы үш жыл ішінде 1 300 шақырымнан астам теміржол салынады. Оған қоса 2030 жылға дейін 11 мың шақырым т/ж жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланып отыр. Соңғы кездері жүк тасымалының көлемі 2 есе артқан Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға бірқатар еуропалық көлік-логистикалық компанияны тарту бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Қорларды ұлғайту және өңірлерді газдандыру жұмысын одан әрі жалғастыру үшін жаңа газ өңдеу қуаттарының құрылысы жалғасуда», — деп жазды Үкіметтің ресми сайты.

Инфографика
Фото: Kazinform

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 млрд м3 болатын ГӨЗ құрылысын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Қашаған мен Қарашығанақта жылына 6,5 млрд текше метр газ өңдейтін жаңа ГӨЗ құрылысы жобаланып жатыр.

Инфографика
Фото: Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар