Биыл 3,5 мың жетім бала пәтер алды - министрлік
АСТАНА. KAZINFORM — 59 мың жетім бала пәтер кезегінде тұр.
Бұл туралы бүгін Құрылтайдағы Үкімет сағатында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты.
- «Қазақстан халқына» қоры 120-дан астам бағдарлама мен жобаны қолдап, балалар мен отбасыларға әлеуметтік көмектің 49 түрін қамтып отыр. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істеу үшін 616 маман дайындалды, - деді Ж.Сүлейменова.
Оның айтуынша, 2026 жылы 3 576 жетім бала пәтер алды, тағы 59 мың бала кезекте тұр.
Бұған дейін хабарланғандай, Құрылтай төрағасының орынбасары Динара Зәкиева кешкі мектептерге қатысты проблеманы көтерді.