Биыл 4 айда транзит көлемі 11 млн тоннаға жақындады — министрлік

Азия мен Еуропа: транзиттік тасымалдардың 80%-ы Қазақстан арқылы өтеді
Фото: Александр Павский/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Көлік министрлігі транзит саласындағы өзгерістерге қатысты түсінік берді.

«2024 жылдың 4 айында жалпы транзит көлемі 10,7 млн тоннаны құрап, былтырмен салыстырғанда 1 пайызға өсті (10,6 млн тонна). Оның ішінде автомобиль көлігімен тасымалданған транзиттік жүктер көлемі 1,5 млн тоннаны құрап, былтырға қарағанда 50 пайызға өсім көрсетті (1 млн. тонна)», — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Бұдан басқа, контейнерлік тасымалдар 433,2 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) құрап, былтырмен салыстырғанда 2 пайызға өсті (422,7 мың ЖФЭ).

«Оның ішінде Қытай/Азия — Еуропа — Қытай/Азия бағытында 333,9 мың жиырма футтық эквивалентке жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 11 пайызға артты (301,6 мың ЖФЭ)», — деп нақтылады ведомство.

Соңғы жаңалықтар
telegram