Биыл Атырау облысына шетелден 272 этникалық қазақ көшіп келді

ватандош
Фото: gov.kz

Атырау облысына 1 желтоқсанға дейін шет елдерден 212 отбасы қоныс аударды. Қазақстанда тұрақты тұру үшін оралған отбасылардағы 272 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Kazinform.

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, атамекенінге көшіп келген қандастарды уақытша орналастыру орталығы бар.

«Қандастардың басым бөлігі – 171 отбасындағы 218 қазақ Өзбекстан Республикасынан келді. Ресей Федерациясынан 35 отбасы (44 адам), Қытай Халық Республикасынан 1 отбасы (1 адам), Түркіменстан Республикасынан 3 отбасы (7 адам) және Монғолия Республикасынан 2 отбасы (2 адам) атамекеніне оралды.

Атырау қаласына - 180, Жылыой ауданына - 27, Мақатқа – 4, Индер ауданына 1 отбасы қоныстанды. Тұрғын үй кезегінде 43 қандас тіркеуде тұр. Жұмыспен қамту орталықтарында 22 қандас жұмыссыз ретінде тіркелді. Тұрақты жұмысқа 1 қандас орналасты. Жұмыссыздар есебіндегі 4 қандас «Бастау Бизнес» жобасымен оқыту курсынан өтіп, арнайы сертификат алды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын былтыр Атырау облысына көшіп келген 311 этникалық қазақ қандас мәртебесін алғанын жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар