Биыл ауылдық аймақтарда 556 медициналық нысан ашылады
АСТАНА. KAZINFORM – Жыл соңында дейін елді мекендерде медициналық алғашқы көмек көрсететін 556 нысан ашылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлім етті.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде ел аумағында барлығы 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланған. Өткен жылы 92 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанының құрылысы аяқталды. Сонымен қатар 7 жобаның мерзімге сай бітпеді. Биыл 556 медициналық объектіні пайдалануға беру қажет. Қазір 239 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды және 317 жоба сараптамадан өтіп жатыр», - деді Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында.
Министрдің мәлімдеуінше, аталған нысандарды салуға қосымша 99,6 млрд теңге қаражат қажет.
Сондай-ақ, А. Әлназарова құрылысы жыл соңына дейін аяқталуы тиіс медициналық нысандардың саны мен мерзімін атап көрсетті:
7 нысан – биыл маусым (2023 жылы құрылыс бітпеген нысандар);
210 нысан – қазан;
226 нысан – қараша;
120 нысан – желтоқсан.
Айта кетейік, Үкімет басшысы Олжас Бектенов ауылдағы медицина объектілерінің құрылысын сынға алған еді.