Биыл «Болашақ» арқылы тағылымдамадан өтетін қызметкерлер санаты бекітілді

комиссия
Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. 

Комиссия отырысында ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар комиссия шешімімен 2024 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында тағылымдамадан өту үшін қызметкерлер санаттарының тізімі бекітілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар