Биыл егіншілерге 700 млрд теңге бөлінді

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрлігіне жеңілдетілген несиені тиімді жұмыс істеп тұрған әрі жауапты диқандарды қолдауға ғана беруді тапсырды.

Биыл егіншілерге 700 млрд теңге бөлінді
Фото: Ағыбай Аяпберген/ Kazinform

- Биыл егіншілік саласын қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Лизингке жұмсалатын қаражат 200 млрд теңгеге жеткізілді. Жеңілдікпен 400 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді.  Мемлекет егіс науқанын ойдағыдай өткізу үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдады. Жұмыстарды нәтижелі әрі ұйымдасқан түрде жүзеге асыруымыз қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі жеңілдетілген несиені тиімділігі мен жауапкершілігі жоғары диқандарды қолдауға ғана беруі керек, - деді ол Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бөлінген қаражаттың дұрыс жұмсалуы әкімдіктердің тұрақты бақылауында болуға тиіс. 

- Егіншілерді сапалы және тексеруден өткен тұқым қорымен қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін бірінші кезекте, отандық өндірушілерді ынталандыру қажет, - деді Премьер-министр. 

Сондай-ақ, бүгін Энергетика министрлігі көктемгі егіс маусымына дизель бағасын ұсынды.  Сондай-ақ биыл елімізде ауыл шаруашылығы кәсіпкерлеріне жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді.

Соңғы жаңалықтар