Биыл екі облыста 50-ге жуық медициналық нысан пайдалануға беріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Биыл жылдың соңына дейін Ақмола және Қарағанды облыстарында 47 медициналық нысан пайдалануға берілуге дайындалуда, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

аурухана
Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Осы өңірлерге жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның іске асырылу барысымен танысты.

Ақмола облысында ауылда медициналық инфрақұрылымды жаңарту үшін ұлттық жобаның шеңберінде 38 МСАК нысанын салу жоспарлануда, 27 нысан бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Құрылыс жұмыстары барлық жоспарланған нысандарда жүргізілуде.

Сондай-ақ, жұмыс сапары шеңберінде Қарағанды облысына Осакаров және Шет аудандарында салынып жатқан нысандарға бару жүзеге асырылды.

Өңірде ауылда медициналық инфрақұрылымды жаңарту үшін ұлттық жоба шеңберінде 92 МСАК нысанын салу жоспарлануда, оның ішінде бүгінгі күні 17 нысан бойынша жұмыстар аяқталды, 19 нысан бойынша жұмыс ағымдағы жылдың соңына дейін және 56 нысан бойынша 2025 жылы аяқталатын болады.

Сапар барысында ауыл халқына уақтылы білікті көмек көрсетудің, кадрлық және техникалық қамтамасыз етудің, халыққа медициналық көмекті үйлестіру бойынша басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ шалғайдағы ауылдық елді мекендердің тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсету мәселелері көтерілді.

Бұған дейін дәрігердің салғырттығынан БҚО тұрғыны аяғынан айырылғаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар