Биыл елімізде 3,8 млн бала профилактикалық тексеруден өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда қаңтар мен қыркүйек аралығындағы кезеңде 18 жасқа дейінгі 3,8 млн.бала профилактикалық тексеруден өтті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ребенок на приеме у врача Бала дәрігердің қабылдауында
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Туған сәттен бастап 6 жасқа дейін скринингтің 4 түрі жүргізіледі, бұл жаңа туған нәрестеде фенилкетонурия мен туа біткен гипотериозды анықтауға бағытталған неонаталдық, есту қабілетінің бұзылуын анықтауға арналған аудиологиялық, шала туған нәрестелердің ретинопатиясын анықтауға арналған офтальмологиялық және психофизикалық скрининг.

«Министрлік жүргізілетін скринингтердің сапасын, скринингтерді жүргізу үшін қажетті жабдықтармен жарақтандыруды арттыру үшін күш салуда және тексерулердің уақтылы жүргізілуін бақылау жүзеге асырылуда», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова ОКҚ брифингінде.