Биыл елімізде 4 896 заңсыз қоқыс орны анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл елімізде 4 896 заңсыз қоқыс орны анықталды. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев айтты. 

Биыл елімізде 4 896 заңсыз қоқыс орны анықталды
Фото: Астана әкімдігі

— Биыл 4 896 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды. Заңсыз қоқыс полигондарын жою кезінде адами фактордың орын алуына жол бермеу және мониториг сапасын арттыру мақсатында екі мәрте әуеден шолу жұмысы жүргізіліп жатыр. Одан бөлек, осы жұмыстарды атқарудағы өңірлердің рейтингісін анықтауда жасанды интеллект пайдаланылады, - деді ол ОКҚ алаңында. 

Сондай-ақ вице-министр келесі бір жоба — Tabigat.gov.kz табиғи ресурстардың интерактивті картасы туралы айтты. 

— «Tabigat.gov.kz» интерактивті картасының негізгі элементтерінің бірі — стихиялық қоқыс орындарының пайда болуын анықтау, ормандарды заңсыз отауды, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры аумағындағы термалды нүктелерді анықтау үшін ғарыштық мониторингті қолдану. Стихиялық қоқыс орындарына мониторинг жүргізу ірі қалалар мен елді мекендер кіретін 46 аймақты қамтиды, - деді Нұрлан Құрмалаев. 

Сондай-ақ ол орманды отауға қарсы мониторинг ғарыштық суреттерді ағаш егу материалдарымен және берілген ағаш кесу билеттерімен салыстыру арқылы жүзеге асырылатынын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар