Биыл интернет-саудада 8 мыңнан астам алаяқтық фактісі тіркелді

Интернет алаяқтық
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Биыл интернет-саудада 8 мыңнан астам алаяқтық фактісі тіркелді. Мұндай дерек Мәжіліс депутаттарының сауалына Бас прокурор Берік Асыловтың жауабында келтірілген, деп хабарлайды Kazinform.

«Азаматтардың арыз-шағымдары бойынша биылғы жылы осы салада (Интернет-саудаға жəне қызметтерге қатысты алаяқтық əрекеттер) жасалған алаяқтық фактілері бойынша 8 мыңнан астам қылмыстық іс (19 864-тің 8 747-сі немесе 44 пайызы) тіркелген. Оның ішінде 1,8 мыңнан астам (1871) іс аяқталса, қалғандары қылмыстық қудалау органдарының іс жүргізуінде», - деді Берік Асылов жауабында.

Сонымен қатар ол Айс Мұратоваға (А.Қожамұратова) қатысты қылмыстық іс бойынша Алматы қалалық полиция департаменті тергеп-тексеруді жалғастырып жатқанын атап өтеді.

«Ол күдікті ретінде танылып, сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органдарына еліміздің əр өңірінен азаматтардан 267 арыз түсті. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 500 млн теңгені, тапсырыс құны əрбір жəбірленушіден 10 мыңнан 1,8 млн теңгеге дейін соманы құрайды. Іс қадағалаушы прокуратураның бақылауында», - деді Бас прокурор.

Соңғы жаңалықтар
telegram