Биыл қанша қазақстандық жазасын өтеу мерзімінен бұрын босап шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі мен сот шешіміне сәйкес жүргізіледі.

түрме
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Сот Қылмыстық кодекстің 72-бабының үшінші, төртінші және бесінші бөлігінде көрсетілген жазаны өтегеннен кейін шартты түрде мерзімнен бұрын босатуы мүмкін. 

— Жазасын өтеуші өзінің түзелгенін үлгілі мінез-құлық арқылы дәлелденуі керек. Ол дегеніміз сотталушының барлық құқықтық норманы орындауы және жазаны өтеу режимінің барлық талаптарын сақтау, — делінген Ішкі істер министрлігінің агенттік жолдаған сауал жауабында.

Бұл ретте шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған кезде сотталған адамның қылмыспен келтірілген залалды толық өтеуі және оның жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзбауы міндетті шарт болып табылады. 

— Жыл басынан бері қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 7 583 сотталушы босатылды. Оның ішінде 1 735 адам мерзімінен бұрын босатылды және 2119 адамның жазасы ауыстырылды — дейді ведомстводан.

Осылайша Ішкі істер министрлігі шартты түрде мерзімінен бұрын босату қылмыстық жазаны орындаудың прогрессивті жүйесінің маңызды құқықтық институты екенін айтып отыр. Сонымен қатар, бұл шара сотталғандардың оң жолға түсуге және өмір салтын өзгертуге ынталандырады. Басқаша айтқанда жазасын өтеп жатқан адамдардың санасына әсер етудің пәрменді тетігі. 

Одан бөлек, бүгінде абақтыда кітап оқу дәстүрге айналған. 

— Қарағанды облысының мекемелерінде сотталғандарды қолдауға, олардың оқу қызығушылығын, оқу мәдениетін және сауатын дамытуға бағытталған «Шекарасыз оқу» жобасы іске қосылды. Қазір аталған жоба барлық қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде енгізілді, — деп толықтырған ақпаратта.

Тағы бір айта кететін жайт, сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарау кезінде кітап оқуы басқа да қоғамдық іс-шараларға қатысуы ескеріледі.

Кімдер жазасын өтеу мерзімінен бұрын босап шыға алмайды?

1) өлім жазасына рақымшылық жасау тәртібімен немесе өлім жазасының күшін жоятын заңды қолдануға байланысты бас бостандығынан айырылғандар;
2) адамдардың қаза болуына әкеп соққан не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс жасағаны үшін сотталғандар;
3) ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандарға (егер қылмысты жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған ерлер, 58 және одан жоғары жастағы әйелдер, 63 және одан жоғары жастағы ерлер, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек адам жасамаған жағдайда);
4) кәмелетке толмағандарға жасаған жыныстық қылмысы үшін сотталғандарға, 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға;
5) ұйымдасқан қылмыстық топпен адамды қасақана өлтіргені үшін сотталғандарға егер қылмысты жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер, кәмелетке толмаған балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған ерлер, 58 және одан жоғары жастағы әйелдер, 63 және одан жоғары жастағы ерлер, бірінші немесе екінші мүгедектігі бар адамдар жасаған жандар жасамаған жағдайда) қолданылмайды.

Бірер күн бұрын Конституциялық сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға қатысты уәж жариялады

Соңғы жаңалықтар