Биыл қанша жасқа «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты беріледі
АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министрдің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының биылғы саны мен мөлшері бекітілді.
— 2026 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының мөлшері 3 000 000 (үш миллион) теңге, ал саны 30 грант болып белгіленсін, — делінген құжатта.
Бұйрық қол қойылған күннен бастап, яғни 2026 жылдың 3 сәуірінен күшіне енді.
Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты ҚР Үкіметінің қаулысымен 2021 жылы тағайындалды. Грант берудегі мақсат — белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыру, жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау. Оның мөлшері мен санын Үкімет жыл сайын белгілейді.
Сондай-ақ, бұған дейін волонтерлік бастамаларға арналған грант байқауы басталғанын жазғанбыз.