Биыл Қазақстан Германияға 1,4 млн тонна мұнай жөнелтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан 2024 жылы Германияға 1,4 млн тонна мұнай экспорттауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

нефть
Фото: Энергетика министрлігі

Қазақстан 2024 жылды «Дружба» мұнай құбыры арқылы Германияға 1,4 млн тонна мұнай жеткізумен аяқтауды жоспарлап отыр.

— Жылдың алғашқы 10 айының қорытындысы бойынша шамамен 1,2 млн тонна мұнай тасымалданды, ал жылдың соңына дейін бұл көрсеткішке қол жеткізу күтілуде. 2025 жылы жеткізілім көлемі өзгеріссіз қалады — 1,2 млн тонна, — делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік атап өткендей, бұл көрсеткіштер Қазақстанның мұнай саласының тұрақтылығын көрсетеді және Германиямен энергетика саласындағы ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығын растайды.

Еске салсақ, бұған дейін Көлік полицейлері «Қазақстан темір жолы» компаниясынан дизель отынын ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топты ұстады.