Биыл күзде LRT тестілік режимде іске қосылады

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет басшысы Олжас Бектеновке елорданың LRT құрылысы бойынша негізгі көлік жобаларының бірін іске асыру барысы туралы 112-станса алаңында баяндалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз мәслихаты хабарлайды. 

Биыл күзде LRT тестілік режимде іске қосылады
Фото: ҚР Үкіметі

Өткен жылдың қорытындысы бойынша эстакада, аспалы көпір және барлық стансаның темірбетон конструкцияларының құрылысы аяқталды. Жобаның қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Астанада шпалдар өндірісі іске қосылды. Оларды дайындау үшін Б-55 маркалы бетон қолданылады, арматураның алдын-ала кернеу технологиясы қолданылады. Бұл тасымалдау кезінде құрылымдардың жарылып кетуіне жол бермейді және аязға төзімділігін арттырады. 

Бүгінде 35 мыңнан астам шпал дайындалды, жобаға барлығы 87,6 мың бірлік шпал қажет. 
Қазір нысанда рельстер төселуде — ұзындығы 2 шақырым болатын учаскеде, сондай-ақ оптикалық талшықта жұмыс аяқталды. Биыл жұмысқа 2 мыңға жуық адам жұмылдырылды, жаз мезгілінде нысанға 5 мыңға жуық маман тартылады. 

«CTS» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев қыркүйек айында LRT-ны тестілік режимде іске қосу, яғни жолаушысыз пойыздарды сынақтан өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады.

Биыл күзде LRT тестілік режимде іске қосылады
Фото: ҚР Үкіметі

Астанадағы жеңіл рельсті көлік жобасы озық GoA4 стандартына сәйкес жүзеге асырылып жатыр, бұл 6 айлық сынақ мерзімін талап етеді. 

Сонымен қатар Премьер-министрге LRT бойындағы аумақты абаттандыру жобасы таныстырылды. Әуежайдан Рысқұлов көшесіне дейін ірі ағаштар мен көпжылдық бұталар отырғызылып, автоматты суару жүйесін орнату жоспарланған. Қабанбай батыр даңғылы бойымен Сығанақ көшесіне дейінгі аумақ балалар және спорт алаңдары, жаяу жүргіншілер жолдары қоғамдық кеңістіктерге бөлінген. Әрі қарай жолаушылар ағыны белсенді 2-теміржол вокзалына дейін кең автотұрақтар, велосипедке арналған жолдар жасалып, көгалдандыру қарастырылған.

Айта кетейік, Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы бойынша жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының халықты жылумен қамтамасыз ету және LRT жобасын іске асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. 

Соңғы жаңалықтар