Биыл Павлодар облысында 35 мектеп күрделі жөнделеді

мектеп
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Бұл мақсатқа бюджеттен 7,4 млрд теңге қаражат қарастырылған. Жеті білім ұясы «Ауыл – ел бесігі» жобасының игілігін көреді.

Павлодар облысындағы әлеуметтік сала нысандарын жөндеуге биыл қазынадан 12,2 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде 7,4 млрд теңге білім саласындағы ұйымдарды жөндеуге бағытталып отыр.

«Павлодарда 8 мектепті, Екібастұзда – 10, Ақсу қаласында 1 мектепті күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты және Тереңкөл аудандарының мектептері жөнделеді. Ақсу қаласы, Павлодар мен Аққулы аудандарындағы 3 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізілетін болады. Сонымен қатар, Екібастұз қаласындағы үш балабақшаның шатыры жаңартылып жатыр»,-деп хабарлады Павлодар облысының әкімдігінен.

Бұған қоса денсаулық сақтау саласындағы 8 қалалық және 11 аудандық медициналық ұйымға, 17 мәдениет мекемесіне, бірқатар спорт нысандарына жөндеу жүргізу қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар