Биыл Павлодар облысында 612 шақырым жол жөнделеді

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Биыл облыстың 3 қаласы мен 12 аудан орталығында және 87 ауылында 612 шақырым жол жөнделеді. Бұл мақсаттарға 28 млрд теңге бюджет қаржысы қарастырылған.

жол
Фото: Kazinform

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жалпы ұзындығы 142 км болатын 42 ауылдың кірме жолына жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, есептік кездесулерде айтылған тұрғындардың өтініштерін орындау үшін бонустық трансферттер қарастырылған. Оның аясында жалпы ұзындығы 68 км болатын 65 ауылдық көшені жөндеу жобасы іске асырылады. Бұған қоса облыстық бюджет есебінен Көктөбе, Успен, Шарбақты аудандарының орталықтарындағы және Сілеті ауылындағы көшелер жөнделеді», - деп мәлімдеді өңір әкімінің баспасөз қызметінен.

Жол жөндеу жұмыстары сәуір айында басталады. Оларды жүзеге асыру үшін облыста барлық қажетті инфрақұрылым бар. 

Соңғы жаңалықтар